Магистранттардың педагогикалық практикасы
24 қаңтар 2020 ж. педагогика және білім беру менеджмент кафедрасының оқытушылары, п.ғ.д., профессор С.М.Пузикова, п.ғ.к., доцент Бақтыбаев Ж.Ш. Ақпараттық технологиялар факультетіндегі магистранттар арасында педагогикалық практикасы бойынша бастапқы конференциясына қатысты.
Магистранттардың педагогикалық практикасы кәсіптік білім беру жүйесінде заманауи ғылыми-әдістемелік деңгейде оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізуге қабілетті университет оқытушысының құзіреттілігін қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылады. Магистранттарға іс-тәжірибенің мазмұны, өту кезеңдері және практика бойынша есеп беру мағлұматтары түсіндірілді.
Басылым күні : 10.02.2020