Республикалық ғылыми-зерттеу семинары

ЖОО - да ғылыми-зерттеу бағытында жаңа білім беру парадигмасын жүзеге асырудың бір жолы магистранттармен жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады. Осы бағытта ҚазҰУ-дің педагогика және білім беру менеджменті кафедрасында Республикалық ғылыми-зерттеу семинары өтті.
1. Ғылыми семинарда п.ғ.д., профессор Магауова А.С. “Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдістемелік қамтамасыз етудің негізі” тақырыбында өзінің баяндамасын жасады.
2. п.ғ.к., аға оқытушы Сембаева А.М. “ Ғылыми зерттеудің педагогика-психологиялық әдістері” тақырыбында тренинг жүргізді. Сондай-ақ, ғылыми семинарға Қарағанды қаласынан, тағылымдамадын өтуге келген магистранттар қызығушылықтарын білдірді.



Басылым күні :  06.02.2020