«Өзін-өзі тәрбиелеу – педагог-психологтың кәсіби шеберлігінің қалыптасу шарты ретінде»

25.11.19 ж педагогикалық іс-тәжірибе аясында педагогика және білім менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Қ.Б.Жұмабекованың жетекшілігімен «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2 курс магистранты Тоқтар Тоғжан «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 3 курс студенттеріне педагогикалық шеберлік пәнінен
«Өзін-өзі тәрбиелеу – педагог-психологтың кәсіби шеберлігінің қалыптасу шарты ретінде» атты тақырыпта ашық дәріс өткізді.
Дәрістің мақсаты студенттердің мақсатты түрде білімін, тәжірибесін шыңдап, өз тұлғасын қалыптастыруларымен өзін-өзі дамытуларына ықпал ету.
Дәріс барысында психологиялық-педагогикалық ғылымдарда педагогтың өзін-өзі тәрбиелеуінің кең қолданылатын тәсілдері өзіне-өзі баға беру, өзіне-өзі бұйыру, өзін-өзі құптау, өзін-өзі түзету сияқты тәрбие процесстерінің құрамды бөліктері туралы ақпарат берілді. Тақырып бойынша көптеген қызықты тапсырмалар мен тренингтер жүргізіліп, студенттер жоғары белсенділік танытты.



Басылым күні :  08.12.2019