«Өзін-өзі тану негізінде адам өмірінің жарасымы: табиғатпен, өнермен, адам бойындағы үйлесімділік»

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультеті Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті, пед.ғ.к. Әрінова Б.А. және «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2 курс магистранты Кабдолдина И. педагогикалық практика аясында 2019 жылдың 3-желтоқсанында аталған мамандықтың 4-курс студенттерімен «Өзін-өзі тану негізінде адам өмірінің жарасымы: табиғатпен, өнермен, адам бойындағы үйлесімділік» тақырыбында өткізген ашық дәріс сабағында студенттерді рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу, адамның ішкі табиғи жаратылысы мен өзін-өзі тану, қабылдау, сезіну арқылы қоғамдағы орнын, даралық қасиеттерін сипатын айқындау сияқты теориялық мәселелер қарастырылды. Дәріс барысында студенттер адам өміріндегі рухани құндылықтардың мәнін аша отырып, практикалық бағытта «Шаттық шеңбері» "ПОПС" формуласы, "Кинометафора", "Микс" әдістерін қолдану арқылы адам өмірінің үйлесімділігі туралы өз пікірлерін дәлелдей алды. Студенттер жоғары белсенділік танытып, кері байланыста, өзін – өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам ешқашанда сол қалпында қала алмайды – деп қорытындыланды.





Басылым күні :  08.12.2019