«Елімізге арқау болған көзайымдар»

Қазақстанның халықаралық міндеттеріне сәйкес әйелдер мен еркектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудегі гендерлік статистиканы нығайту - қазақстандық мемлекеттік статистикасы дамуының маңызды бағытының бірі болып табылады. Тең құқық пен бостандық ұстанымын жүзеге асыруда , үлкен істерде нәзік жандылар бола тұра әйелдер қауымының да ерліктерін айтуымыз қажет. Осыған байланысты 26.11.2019 күні педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доцент м.а. Шағырбаева М.Д. және 2-курс магистранттары Аймаханова М., Мұқтар Т. ұйымдастырыуымен «Елімізге арқау болған көзайымдар» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатында 4-курс студенттері Қазақ елінің дамуына өз үлестерін қосқан батыр қыздарды, ұлағатты ұстаздарды, еңбек саласындағы үздік әйелдер қауымын, шығармашылық саласындағы аруларды және батыр аналарды тақырыпқа арқау етті.



Басылым күні :  08.12.2019