«Этносаралық және саяси конфликт»

Білімді, зияткер студент жастардың көшбасшылық қасиеттерін арттыру, топпен бірлесе ізденуге, ой-өрісін кеңейтіп, студенттердің бәсекелестіктерін, құзіреттіліктерін арттырып, толеранттылыққа тәрбиелеу мақсатында «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2-курс магистранты Ж.Т.Ермаханованың ұйымдастыруымен «Этносаралық және саяси конфликт» атты сайыс өтті.
Білім додасына «Педагогика және психология» мамандығының 3-курс студенттері қатысып, педагогика және білім менеджмент кафедрасының доцент м.а., п.ғ.к. А.М. Құдайбергенова мен аға оқытушысы Жумабекова К.С. төрелік етті.
Студенттердің білімі мен білігі сараланған сайыста әр топ әр кезеңнің логикалық, жағдаяттық сұрақтарына жылдам әрі тез жауап беріп, өздерінің білімдерін дәлелдеуге тырысты. Ақыл-ой мен жүйріктікке баулыған сайыста студенттер танымдық деңгейін де көрсетіп, жүйріктер анықталды.



Басылым күні :  03.12.2019