"Абай қара сөздері мен шығармалары"

25.11.2019 ж. педагогикалық іс-тәжірибе аясында педагогика және білім менеджмент кафедрасының доцент м.а., п.ғ.к. Молдасан Қ.Ш. жетекшілігімен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 9-жатақханасының "Педагогика және психология", "Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 1-курс студенттерімен 2-курс магистранттары Рахатова А., Беркінбай Г. «100 кітап» жобасы аясында "Абай қара сөздері мен шығармалары" тақырыбында тәрбие іс-шара өткізді.

Студенттер ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен танысып, ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа, жаман әдеттерден бойларын алыс ұстауға үйренді. Түрлі тренингтер мен ойындар ойнатылды. Студенттер тәрбие іс-шараға белсенді қатысты.


Басылым күні :  03.12.2019