«Біз біргеміз, берік іргеміз!»

2019 жылдың 22 қарашасында педагогика және білім менеджмент кафедрасының доцент м.а., педагогика ғылымдарының кандидаты А.М.Құдайбергенованың жетекшілігімен «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2-курс магистранты Ж.Т. Ермаханова «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1-курс студенттерінің қатысуымен «Біз біргеміз, берік іргеміз!» атты тәрбиелік шара өткізді. Топ арасында жақын қарым-қатынас орнату, ұжымға бейімделу, айналасындағылармен бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу мақсатында өткен шараға студенттер белсенділік таныта қатысты. Түрлі психологиялық әдістер, ойындар жүргізу барысында білім алушылар бір-біріне қолдау білдірген сәттерін естеріне алып, ыстық ықыластарын жеткізді. Топ кураторы Әлия Маликовна тәрбиелік мәні зор бірлік, татулық туралы тәмсіл әңгімелер айтты. Шара соңын студенттер көтеріңкі көңілде әсем әнмен қорытындылады.


Басылым күні :  03.12.2019