«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы»
Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы негізінде жасақталған тәрбие жұмысының басым бағыттарының бірі - азаматтық – патриоттық, құқықтық және көпмәдениеттік тәрбие. Осы орайда 2019 жылдың 19 қарашасында педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының аға оқытушысы К.А.Есенованың жетекшілігімен 2-курс магистранты Алдан Айнур «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 4-курс студенттерімен құқық бузушылықтың алдын алу мақсатында «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында студенттер сабаққа белсенді қатысып, өздерін жоғары деңгейде көрсете білді. Сабақты талдай келе Есенова Камшат сөз соңында "Бала құқығын қорғау" – егемен еліміздің басты құндылықтарының бірі. Өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарын пайдалана біліп, қатыгездіксіз өмірлерінің сақталуы жолында аянбай еңбек ету – біздің басты парыз. Сондықтан да, жаһандану үрдісі басым болып, батыстық өркениетке еніп келе жатқан қазіргі кезеңге жас жеткіншектерді жаңа заман талабына сай озық ұлттық дәстүр рухы негізінде тәрбиелеп, игі нәтижелерге жету жолында аянбай еңбек етейік деп қорытындылады.