«Халықаралық білім беру жобалары: Қазақстан мен Украина тәжірибелері»
2019 жылдың 18 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінің 70-жылдық мерейтойына арналған «Халықаралық білім беру жобалары: Қазақстан мен Украина тәжірибелері» атты халықаралық вебинар өтті.
Вебинар қатысушылары: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ФжСф педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының оқытушылары мен студенттері (Қазақстан), Сум дипломнан кейінгі педагогикалық білім беру институтының оқытушылары, Сум мемлекеттік педагогикалық университеті (Украина).
Вебинарда:
Философия және саясаттану факультеті деканының ғылыми-инновациялық іс-әрекет және халықаралық байланыс жөніндегі орынбасары, филос.ғ.к., доцент Бекжан Берикбаевич Мейрбаев (Қазақстан), Сум дипломнан кейінгі педагогикалық білім беру институтының ғылыми жұмыс бойынша проректоры, пед.ғ.к., доцент Грицай Сергей Михайлович (Украина) алғы сөз сөйледі.
Философия және саясаттану факультеті педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының профессоры, пед.ғ.д. Шаркуль Таубаевна Таубаева «Жобалық мәдениет білім алушылардың технологиялық құзыреттілігінің құрамдас бөлігі ретінде» тақырыбында баяндама жасады.
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, филос.ғ.к., доцент Михаил Васильевич Жук «4.0: форматы білім беру, адами капитал, «mix аналитика» тақырыбында «4.0 Жаһандану, 4 өндірістік революция, Білім берудегі жаңа үрдістері, ұздіксіз өзгерістер мен инновация жағдайындағы адами капитал, mix аналитика. Практикалық кейс. Жол картасы технологиясы негізінде инновациялық жобаларын құрастыру» мәселелерін талқылады.
Сум мемлекеттік педагогикалық университеттің профессоры, пед.ғ.д. Елена Николаевна Семеног «Халықаралық жобалардың дамуындағы Украина тәжірибесі»
Философия және саясаттану факультеті педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының профессоры, пед.ғ.д. Айгерим Казыевна Мынбаева «Халықаралық жобаларды жобалауда Қазақстан тәжірибесі»;
«5В010300-Педагогика және психология» мамандығының 4 курс студенті Зарема Исаева «Электрондық оқу құралын жобалау мен дизайны психологиялық-педагогикалық пәндерді оқытудың тиімді құралы ретінде» тақырыбында, «5В010300-Педагогика және психология» мамандығының 4 курс студенті Эльнара Иминова баяндама жасады.
Пікірталаста педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық іс-әрекет және халықаралық байланыс жөніндегі орынбасары PhD Динара Ертарғынқызы, 5В010300-Педагогика және психология мамандығының 4 курс студенттері (орыс тобы), «6D012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 3 курс докторанты Диана Успанова, «6В01801-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1 курс студенттері (қ/б) қатысты.
Модераторлар: А.К. Мынбаева – әл Фараби атындағы ҚазҰУ ФжСф педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы (Қазақстан), М.В. Жук – Сум облыстық дипломнан кейінгі білім беру институтының әлеуметтік-гуманитарлық кафедрасының меңгерушісі (Суми, Украина).
Ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы философия және саясаттану педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы (Алматы, Қазақстан), Сум облыстық дипломнан кейінгі білім беру институтының әлеуметтік-гуманитарлық кафедрасы (Суми, Қазақстан).