"Ата-ана мен бала арасындағы байланыс"

09.11.2019 жылы Алматы қаласы 126 мамандандырылған мектеп-лицейінде "Ата-ана мен бала арасындағы байланыс" атты қарым-қатынас тренингі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Құрманбекова Айман Арыстановна жетекшілік ететін 5"Е" сыныбына жүргізілді. Тренингті педагогика және білім менеджмент кафедрасының доценті, п.ғ.к. Төлешова У. Б. және "Педагогика және психология" мамандығының 1-ші курс магистранттары Жұмағазы Ж., Ракулова К. ұйымдастарды.
Тренингтің басында ата-ана мен бала қарым-қатынасының маңыздылығы жайында айтылды. Ата-ана мен бала арасындағы қарым қатынасқа байланысты, сүйіспеншілікке бағытталған психологиялық жаттығулар, ойындар жүргізілді. Тренинг соңы бір-біріне жылы лебіз білдірумен аяқталып, ата-аналар өз ризашылығын айтты.





Басылым күні :  16.11.2019