"Мамандығыммен мақтанамын"

 

Мамандық таңдау, өз кәсібіңді жаның сүйіп атқару, мамандығыңды мәртебе көру - адам өміріндегі елеулі жайттардың бірі.
2019 жылдың 14 қарашасында Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доцент м.а. Ертарғынқызы Д. және 2-курс магистранты Темірова Г.А.-ның ұйымдастыруымен «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану" мен "Педагогика және психология" мамандығының 1-курс студенттері арасында "Мамандығыммен мақтанамын" атты сайыс өтті. Сайыстың бірінші кезеңінде әр топ өз мамандығының қыр-сырымен таныстырып, қоғамға тигізер пайдасы жайында айтты. "Ойлан, тап" кезеңінде педагогика аясында қойылған сұрақтарға студенттер ізденімпаздық пен тапқырлық танытып, жарыса жауап берді. Тартысты сайыстың үшінші кезеңінде капитандар тест сұрақтарына жауап беріп, алған білімдерін жоғары деңгейде көрсете алды. Соңғы кезеңде әр топ бірлесе отырып, шығармашылық тапсырма ретінде "Жаңашыл педагог" моделін құрастырды. Студенттерді көшбасшылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу мақсатында өткен шарада әр топ өз мамандықтарының майталмандары екенін көрсете білді.



Басылым күні :  16.11.2019