Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы шеңберінде Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының психологтары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінің 1-ші курс студенттері үшін түсіндіру жұмысын жүргізді.

Парламент отырысында Президент халқымыздың түрлі өмір салаларына қатысты көптеген мәселелерді қозғаған болатын.Өз баяндамасында Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жастар саясатын дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.Ол Қазақстанның барлық жастарын белсенді болуға, еліміздің дамуына қатысып, үлес қосуға шақырды.

Бүгінгі шараның модераторлары Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының жанындағы Жастар ресурстық орталығының мамандары Айдана Әуелбек пен Жанар Арнаева болды. Олар жастар үшін арнайы әзірленген жаңа әлеуметтік бағдарламалар туралы айтып берді.Сонымен қатар педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті Төлешова У.Б. , аға оқытушы  Мурзагулова М.Д. студенттердің ойын тыңдап өздерінің пікрлерін білдірді. 

Басылым күні :  30.10.2019