Тәуелсіздікке – 27 жыл

2018 жылдың 5 желтоқсанда «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Педагогика және психология» мамандығының 1 курс студенттері, доцент Қ.Н. Ашекееваның жекетшілігімен «Тәуелсіздікке – 27 жыл» толуына орай мерекелік ашық кураторлық сағат өткізілді. Мақсаты: студенттерге "Отанға деген махаббат" құндылығын жеткізу, өз еліне деген мақтаныш сезімін ояту, патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу. Міндеттері: оқушылардың ел тарихына танымдық қызығушылығын дамыту; оқушылардың зияткерлік деңгейін арттыру; балалардың шығармашылық қиялын жандандыру; өз еліне, оның бай тарихы мен қиын тағдырына, туған өлкесінің табиғатына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Студенттердің өздерінің пікірлері бойынша, ашық тәрбие сағаты ұйымдастыру және өткізу деңгейі жағынан, жоғары тәрбиелік және танымдық деңгейде өтті. 

Басылым күні :  07.01.2019