Менің мамандығым – менің мақтанышым

2018 жылдың 30 қарашасында "Айналаңды нұрландыр" инновациялық жобасы аясында "Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану" мамандығының 1 курс студенттері доцент К. Н. Ашекееваның жетекшілігімен "Менің мамандығым-менің мақтанышым"атты тәрбиелік іс-шара өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты - болашақ таңдаған мамандығына деген қызығушылықты арттыру. Факультет пен мамандықтың имиджін қалыптастыру. Әр команда өз көшбасшылығын дәлелдеуге тырысты. Сайыс барысында өз мамандықтарымен танысу мақсатында әр топ плакаттар, қойылымдар дайындады және өлеңдер жазды. Командалар тамаша көрініспен, идеялармен және терең ойлармен таң қалдырды.

Басылым күні :  07.01.2019