Топтық бірлікті қалыптастыру бойынша тренинг

2018 жылдың 2 қарашасында «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында доцент К.Н. Ашекеева, «Педагогика және психология» мамандығының 2 курс магистранты М.Н. Батжанова, «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1 курс студенттерімен «Топтық бірлікті қалыптастыру бойынша тренинг» өткізді. Тренинг барысында топтағы тұлғааралық қатынастардың жалпы жағдайын анықтау үшін бірқатар жаттығулар өткізілді. Іс-шараның мақсаты: топтың тұтастығы мен біртұтастығын қалыптастыру болды. Сол нәтижеге қол жеткізу үшін сәлем беру, танысу, жинау және диагностика бойынша тапсырмалар таңдалды. Жаттығулар 10-15 минут өткізілді, бұл топтың өзі туралы ақпарат алуға мүмкіндік берді, сонымен бірге студенттерді өзара әрекеттесуге шақырды. Әр оқушы тренингке қатысты. Жаттығулар ойын ретiнде болды, бұл жерде жаттығуға қатысушылардың қызығушылығы оянды. Іс-шара кезінде атмосфера достық, жеңіл және тыныш болды. Оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас жақсы деңгейде екенін және бірлескен оқудың қысқа мерзіміне қарамастан бір-бірін жақсы түсінетінін айтуға болады.

Басылым күні :  07.01.2019