Біз ертеңгі күннің кілтіміз

2018 жылдың 26 қазанында «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1 курс студенттері, доцент Қ.Н. Ашекееваның жекетшілігімен Республика күніне орай «Біз ертеңгі күннің кілтіміз» атты тәрбиелік іс-шара өткізді. Іс-шара студенттердің  білімі мен біліктілін шыңдау мақсатында үш кезеңнен тұратын интеллектуалды сайыс ретінде өтті. Сайыс кезеңдері: 1-кезең."Топтың аты мен ұранын таныстыру" 2-кезең."Жүзден жүйрік"(сұрақ-жауап) 3-кезең."Білімділер алаңы" Сайыстың ережесі бойынша студенттер екі топқа бөлінді,әр топ өздерін таныстырып,берілген тақырып бойынша өз постерлерін қорғады.Сайысқа барлық студенттер жоғары деңгейде атсалысты. Сайыс кезінде студенттердің жан-жақты білім танымдылықтары арқылы ізденіс, талпыныс мүмкіндіктері ескерілді.

Басылым күні :  07.01.2019