Студенттердің есте сақтау қабілетін дамыту тренинг
2018 жылдың 7 желтоқсанында «Айналаңды нұрландыр» инновациялық жобасы аясында доцент Ашекеева К.Н, «Педагогика және психология» мамандығының 4 курс студенті Султанова П.Ш, «Педагогика және психология» мамандығының 1 курс студенттерімен «Студенттердің есте сақтау қабілетін дамытуға арналған тренинг» өткізді. Тренинг 1 сағат уақыт аралығында жүргізілді. Тренинг жоспары: танысу, диагностика жасау, дамытушылық жұмыстары кезеңдерінен тұрады. Іс-шараның мақсаты: студенттердің есте сақтау қабілетін зерттеу, тексеру, дамыту жұмыстарын жүргізу. Сол нәтижеге қол жеткізу үшін танысу, тест арқылы студенттердің есте сақтау қабілетін тексеру, диагностика бойынша зейін, ойлау, есте сақтауға байланысты тапсырмалар орындалды. Тренинг студенттерді топқа бөлу арқылы жүргізілді, жаттығуларға 10-15 минут, ал тапсырмаларды орындауға 2-3 минут берілді. Тапсырмаларды орындау кезінде топ студенттерін өзара әрекеттесуге шақырды, әрбір студент өзінің есте сақтау қабілеті қаншалық дәрежеде екенін білуге, оны әрі қарай дамыту керектігіне көз жеткізді. Тренингке қатыспаған студент болған жоқ, барлығына қызықты болды. Іс-шара кезінде атмосфера достық, жеңіл және жақсы көңіл-күй сыйлайтындай болды. Студенттер арасындағы өзара қарым-қатынас жақсарып, танымдық процестері жақсы деңгейде екендігі дәлелденді.