Жастар және заман

7 желтоқсан 2018 ж. "Айналаңды нұрландыр" инновациялық жобасы аясында "Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану" мамандығының 3 курс студенттері доцент К.Н. Ашекееваның жетекшілігімен "Жастар және заман"атты тәрбиелік іс-шара өткізді. Мақсаты: Студенттердің бойына адамгершілік, имандылық тәрбие беру, ұлттық салт-санасын дамыту, тәрбиелеу. Міндеті: Ұлтжандылыққа тәрбиелеу, имандылық, адамгершілік қасиеттерін дамыту; салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ата-баба дәстүрін құрметтеу, шетелдік, жат-жұрттық әсерден бойды әсте аулақ ұстау. Пікірталаста «Заманына қарай адамы» деген тұжырымды алып тастап. Өз тұжырымымызды қойғымыз келеді. «Әр іс-әрекетіңе жауап бер, сөзіңе нық сенімді бол, мейірімді, қарапайым, кішіпейілді бол. Ең бастысы, адам екеніңді ешқашанда ұмытпа». Заман өзгерген жоқ, заманды өзгерткен адамның іс-әрекеті екенін естен шығармайық.

Басылым күні :  07.01.2019