Ән асқары – Әміре

2018 жылдың 9 қарашасында «Айналаңды нұрландыр» инновациялық жобасы аясында «Педагогика және психология» мамандығының 1 курс студенттері доцент Қ.Н. Ашекееваның жекетшілігімен мәдени іс-шара Әнші Әміре Қашаубайұлының 130 жылдығына арналған «Ән асқары – Әміре» атты концертке барды. Іс-шара Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының үлкен залында өтті. Кеште Республикалық конкурстардың лауреаттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері қатысты. Концертте музыкант Әміре Қашаубаевтың әндері орындалып, Қазақстан Республикасының қайраткерлері әншінің шығармашылығы туралы айтты, қазақ халқының аспаптарында ән орындады. Студенттер домбыра және қобыз сияқты халық аспаптарындағы барлық әсемдікті көріп, тыңдай алды.

 

Басылым күні :  07.01.2019