Халықаралық этно-фолк-джаз фестивалі

21.09.2018 жылы «Айналаңды нұрландыр» инновациялық жобасы аясында «Педагогика және психология» мамандығының 1 курс студенттері доцент Қ.Н. Ашекееваның жекетшілігімен, Халықаралық этно-фолк-джаз фестиваліне барды. Концер Казақстан Халық Ассамблеясының қолдауымен өтті. Халықаралық этно-фолк-джаз фестивалі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен залында өтті. Концертте халықаралық мәртебедегі әртістер өнер көрсетті, сондай-ақ Қарағанды облысынан қонақтар Алматы тұрғындары мен қонақтарына өз таланттарын көрсетті. Концерттен кейін біз суретке түсіп, келесі күні куратормен алған әсерлерін талқыладық.

Басылым күні :  07.01.2019