«Салауатты дене мадениеті»

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде, «Салауатты дене мадениеті» жобасы аясында Философия және саясаттану факультетінің «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасы, «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2 курс магистранты Иниятова Айдана, ғылыми жетекші п.ғ.к., доцент м.а Б.А. Әрінова ұйымдастыруымен, 8 желтоқсан күні «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 3 курс студенттерімен бірге Ұлы даланың сұлу мекен- Алма-арасанға салауатты өмір салтын ұстана отырып, тау баурайына, табиғат әсемдігін тамашалауға, таза ауамен тыныстап, табиғат аясында серуендеуге шықты.


Басылым күні :  07.01.2019