«Ата– салтым асыл қазынам»

7 желтоқсан Философия және саясаттану факультетінің «Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану»   мамандығының   2 курс магистранттарына   «Ата– салтым асыл қазынам» деген тақырыпта ашық тәрбие сабақ өткізілді . Аталмыш тақырыпта қазақ халқының атам заманнан бергі келе жатқан салт – дәстүрі мен мен негізгі мәселелер туралы магистранттар кеңінен талқылап, өз пікірлерімен бөлісті. Отырыс өте қызықты болды, іс- шара барысында магистранттар қазақтың салт – дәстүріне қатысты психологиялық жаттығулар мен мақал – мәтелдерге белсене қатысты. Тәрбиелік іс – шара соңында магистранттар бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, бірі – біріне тілектерін білдірді.

Өткізілетін орны: ХҚФ, 120 аудитория
Уақыты: 18:00
Қатысушылар: «Əлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2 курс магистранттары
Ұйымдастырушы: Педагогика ғылымдарының доценті Мукашева А.Б.

Жауапты: «Əлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2 курс магистранттары Рахматулла Ж.С. және Жирен Б.Ж.

Басылым күні :  07.01.2019