«Жаң мен дененің үйлесімі»

08.12.18 «Денсаулыққа табыну» жобасы аясында «Логос» студенттер ғылыми қағамының белсенділері «Жаң мен дененің үйлесімі» тақырыбында 1 курс студенттеріне арналған психологиялық кеңес беру бағытында тәрбиелік іс-шара өтткізді.

Ұйымдастырушылар: п.ғ.к., профессор м. а. Г. А. Қасен жетекшілігімен "Педагогика және психология" мамандығының 3 курс студенттері: Исаева З., Мурзина Т., Дакман А.

Іс-шараның мақсаты: физикалық және психологиялық денсаулығының өзара байланысын анықтау және үйлесімің қалыптастыру. Кеңес беруге бағытталған іс-шарада келесі тәрбиелік мәні бар әдістемелер мен жаттығулар өткізілді: 3 курс студенттері құрастырған «Көрсеткіш» атты көніл-күйді, психологиялық жағдайларын салыстырмалы түрде аңықтайтын әдістеме; «Қозғалыс кезіндегі кездесу»; көңіл-күйді анықтауға арналған Кристофер Маркерттің тест сынағы; «Байланыс импровизациясы». Студенттер іс-шара кезінде белсенділік және тапқырлық көрсете білді. Сабақтың соңында көңіл-күйлері жақсарып, эмоциялық шиеленіс және бұлшықет қысқыштары жойылды. Осылайша, жаң мен дененің үйлесіміне аздап қол жеткізілді !!!

Басылым күні :  13.12.2018