«Елбасы –ел тірегі» ашық кураторлық тәрбие сағаты

Қараша айының 28-күні, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде, «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында, Философия және саясаттану факультетінің «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасы, «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2 курс магистранты Иниятова Айдана 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Ел тірегі - Елбасы» атты тақырыпты негізге ала отырып «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2 курс магистранттарына профессор м.а. Қасен Г.А. қатысуымен ашық кураторлық тәрбие сағатын өтті.

Ашық тәрбие сағатының мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен шығармашылыққа толы, елі үшін жасаған игі істерін өнеге ету болатын. «Елбасы жолы» деп аталатын киноэпопеядан үзінді көрумен басталған тәрбие сағатын «Тарих тағылымы» атты бөліммен жалғастырдық. Онда елімізде өткен тарихи оқиғалармен, Елбасы еңбектерімен, қабылданған заңдар мен өзгертулер, жаңа стратегия, бағдарламаларды, екы топқа бөліне отырып магистрантарымыз сұрақтарға суреттер арқылы белсене жауап берді.

Ашық тәрбие сағатымыз «Қолтырауын» сөзсіз ыммен атқарылатын ойыны арқылы жалғасын тауып, соңында Елбасыға, елімізге, Отан, отбасыға,бала тәрбиесіне қатысты сөздер жасырылған мақал-мәтелдерді табумен аяқталды. Белсене қатысқан магистранттарымызға үлестірмелі сыйлықтар берілді. Соңғы қорытынды сөзді куратор эдвайзеріміз профессор м.а. Қасен Г.А апайымыз қорытындылап,   Елбасының жолдауына тоқтала отырып, келесі жыл біздің, яғни «Жастар жылы» екендігін, қаншама игі бастамалар мен көптеген мүмкіндіктер күтіп тұрғандығын сөзге тиек етті.

Басылым күні :  13.12.2018