«Қазақтың ұлттық аспаптары»
5 желтоқсан 2018 жылы «100 кітап» жобасы аясында «Қазақтың ұлттық аспаптары» энциклопедиясы негізінде жаңа ұрпақты рухани жаңғыртуға бағытталған мұражайға саяхат ұйымдастырылды. Саяхатқа Алматы қаласындағы "Жаңа ұрпақ мектебінің" оқушылары педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының 2 курс докторанты Каденов Ерболаттың және тарих пәні мұғалімі жетекшілігімен барды. Мұражайға саяхат барысында оқушылармен "Қазақтың ұлттық аспаптары" энциклопедиясын талдау жүргізілді. Сондай-ақ университетіміздің "100 кітап" жобасы туралы ақпарат берілді. Оқушылар қызығушылықтарымен бөлісіп, жақсы көңілмен қайтты.
Ұйымдастырушылар: Булатбаева А.А., Каденов Е.Т.
Басылым күні : 13.12.2018