“Кемел келешек кілті-жастар қолында”

01.12.2018жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің №9 жатаханасында факультет көлемінде Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы "Айналанды нұрландыр" жобасы аясында елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 5 қазан 2018 жылғы “Келер 2019 Жастар жылы”-атты жолдауына байланысты “Кемел келешек кілті-жастар қолында” –деген тақырып аясында тәрбиелік іс-шара өткізілді. Ұйымдастырушылар п.ғ.магистрі аға оқытушы М.Д. Мурзагулова және "Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану " мамандығының 2 курс магистранты А.Саденова және "Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану " мамандығының 1 курс студенттері. Ол іс шарада елбасымыздың “Жастар жылы” деп аталатын жолдауының бес тармағы жан-жақты талқыға алып қарастырылды. Тақырыбымызды студенттерге толық жеткізу үшін тәрбиелік іс-шарамызды “Айтуға оңай” ток-шоуы ретінде ұйымдастырылды. Кеш қонақтары рольдік кейіпкерлер ретінде саясаттанушы, студент, әнші, ректор және кәсіпкерді қонаққа шақырып осы тақырыпты талқыға салып қарастырдық, кешімізге келген көрермендерімізге де сұрақ қою арқылы олардың да пікірін білдік. Ол жерде әр келген қонағымыз өз ойларын айтып кетті. Жалпы бұл іс-шара арқылы студенттеріміз өздеріне жолдауға байланысты біраз ақпараттар алып, түсінігін кеңейтті, жастарға жүктеліп отырған сенімді терең ұғып, ойларын ортаға салып бөлісті. Десе ел басымыздың

сенімін ақтайтындарын жанарларынан сезініп байқадық.

Басылым күні :  12.12.2018