«Ел тірегі - Елбасы»

Қараша айының 28-күні, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде, «Рухани жаңғыру» жобасы аясында, Философия және саясаттану факультетінің «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасы, «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2 курс магистранты Иниятова Айдана, п.ғ.к., доцент м.а Б.А. Әрінова жетекшілігімен бірге 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Ел тірегі - Елбасы» атты тақырыпта негізге ала отырып «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 3-ші курс студенттерімен бірге Алматы қаласының "Жеті кереметінің" қатарында бар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағына танымдық экскурсияға барып қайтты.

 

Қыстын алғашқы айларының бірінде саябаққа бас сұғып, сіздерге жақынырақ таныстыруды жөн көріп отырмыз. Саябақтың қай жағынан келсеңіз де, ең алдымен құлашын кең жайып тұрған сәнді жартылай қақпаға көзіңіз түседі. Көрінісі көз тартар құрылысты көргеннен-ақ, саябаққа қарай асығасыз.

 

Қақпа алдына шағын субұрқақ орнатылып, демалып отыруға болатын орындықтар қойылған. Қақпадан енген сәтте, алдыңыздан биіктігі 21 метрге жуық алып субұрқақ шыға келеді. Субұрқақтың жоғары жағында галерея ұйымдастырылған. Қабырғада салынған суреттер де әр алуан.

2011 жылдың 11 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Қазақстан» монументалды-сәулет композициясының ашылу салтанаты болды. Ескерткіш ортасында Бірінші Президент бейнесі кескінделген. Ал бүркіттің қанатында Алматы және Астана қаласының символы бар. Ескерткіште тарих және сәулет өнерінің маңызды бейнелері көрсетілген.

 

Саябақ аумағында 2001 жылы ҚР Бірінші Президенті Н.Назарбаевтың өз қолымен отырғызған емен ағашы өсіп тұр. Саябақ ниет білдірген кез келген адам үшін есігін айқара ашады. Көрікті мекен әрқашан таза, әрқашан тиянақты болып тұрады.

Басылым күні :  12.12.2018