«Әсеттің әсем әндері-ай»

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында 19.11.2018 жылы «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 3 курс студенттері PhD, аға оқытушы Д. Ертарғынқызының жетекшілігімен «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың» ашық есік күндеріне барды. Студенттер көздері нашар көретін және зағип жандарға арналға кітаптармен, оларға оқуды үйрететін Брайль жүйесімен егжей-тегжейлі танысты. Кітапханада өткен экскурсиядан соң , композитор, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Әсет Бейсеуовтің туғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Әсеттің әсем әндері-ай» атты концертті тамашалады.

Басылым күні :  07.12.2018