"Сергелдең болған серілер"

Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы 2018 жылдың 27 қараша күні «Айналаңды нұрландыр» жобасы шеңберінде «Отбасылық кеңес беру» пәні бойынша тәрбиелік іс-шара өткізді - М. Әуезов театры «Сергелдең болған серілер» спектакліне бару. Бұл қойылым өткен ғасырда жазылса да, бүгінгі қоғамның тақырыбын қозғайды. Мәселен жастардың ұзақ уақыт сұрбойдақ, кәріқыз атанып жүруі, өмірлік жарын таба алмауы , өзіне лайықты жар іздеудің әлегі…

Осының барлығы сахна тілімен әдемі жеткізілген.

Іс-шараның ұйымдастырушылары: п.ғ.к., доценті Молдасан Қ.Ш. және аға оқытушы Есенова К. А. және «Педагогика және психология» мамандығының 2 курс магистранты Мусакызы.Н.

Іс-шараға қатысушылар: «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 3ші және 4ші курс студенттері қатысты

Басылым күні :  04.12.2018