«Жаһандандыру және білім беру»

ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің шетел ғалымдарын шақыру бағдарламасы негізінде 01.10.2018-26.10.2018ж. аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясатттану факультетінің педагогика және білім беру менеджменті кафедрасында Литва мемлекеті Вильнюс университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Римантас Желвистің «Жаһандандыру және білім беру» тақырыбындағы дәрісін тыңдаушыларға сертификаттар табыс етілді.

Бағдарламада жаһандық деңгейдегі жоғары білім берудің өзекті мәселелері, Евроодақ кеңістігіндегі білім берудегі мәселелерді шешудің Европалық перспективасы және білім берудегі реформаларды басқару мәселелері талқыланды.

Сонымен бірге, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы шетел қонағымызға мәдени бағдарламасын ұйымдастырды

Басылым күні :  30.11.2018