«СПИД - бұл жанның ауруы»

2018 жылғы 16 қарашада №9 студенттер үйінде Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне арналған «АҚТҚ және БІЗ» атты іс-шара өткізілді. Жоспар жасалды. Іс-шара барысында 1,2,3 курс студенттері болды. Осы тақырып аясында презентациялар, қазіргі таңдағы статистикалар көрсетілді,студенттермен пікірталас болды. Нақты оқиғаларға негізделген бейнефильм көрсетілді. Бейнефильм көрсетілгенннен кейін, қатысушылардан көптеген сұрақтар туындады, қызу талқыланды. Біздің міндеттеріміз:

* ғасыр ауруының тұжырымдамасын, АҚТҚ инфекциясының сипаттамаларын қалыптастыруды жалғастыру;

* қандай жағдайда жұғады және қалай сақтану керек;

* денсаулығын дұрыс сақтау үшін мотивацияландыру;

* өзіңізге және басқа адамдарға төзімділік таныту;

* студенттердің салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жағдай жасау.

Ұйымдастырушылар: п.ғ.д., профессор Магауова А.С., Педагогика және психология факультетінің 2 курс магистранттары Аман Ж.Т., Мальчиков В.

Басылым күні :  30.11.2018