Кітап эстафетасы: 100 кітап жайлы не білеміз?

 

19.11.2018 жылы сағат 11.00-де халықаралық қатынастар факультетінің залында философия және саясаттану факультеті, Педагогика және психология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану бөлімінің 3 курс студенттерімен «Кітап эстафетасы: 100 кітап жайлы не білеміз?» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.

Ұйымдастырушылар п.ғ.к. Касен Г.А., 2 курс магистранттары Ахметова Н., Магазова М.

Викторина «100 кітап» жобасы аясында өткізілді. Ұйымдастырушылар қатысушыларға 100 кітап тізіміне кіретін шығармалар мен олардың авторлары жайлы қызықты сұрақтар қойды. Дұрыс жауап берген студенттерге өздері қалаған кітаптарды сыйға тартты. Тәрбиелік іс-шара өте қызықты және мазмұнды өтті.

Басылым күні :  30.11.2018