Шылым шегу – қоғамның дерті

 

26.11.2018 жылы сағат 13.00-де халықаралық қатынастар факультетінің 126 аудиториясында философия және саясаттану факультеті, педагогика және психология бөлімінің 3 курс студенттерімен «Шылым шегу – қоғамның дерті» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.

Ұйымдастырушылар п.ғ.к. Касен Г.А., п.ғ.к. Лактионова С.Н., 2 курс магистранттары Ахметова Н., Магазова М.

Іс-шара «Дені саудың – жаны сау» жобасы аясында өткізілді. Шара барысында магистранттар Қазақстандағы статистикалық мәліметтерге сүйене отырып шылым шегудің зияны мен оның салдары жайлы баяндады. Көрнекілік материал ретінде жарнамалық лозунгтерді, фотоларды, плакаттар мен бейне үзінділер қолданылды. Студенттер болашақ маман ретінде жасөспіріпдер арасында шылым шегуді алдын алу бойынша ұсыныстарымен бөлісті.

Басылым күні :  30.11.2018