BOOK Crossing
18.11.2018 ж., Сағат 12.00-де Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының магистранттарымен «BOOK Crossing» кітап алмасу тәрбиелік іс-шарасы өткізілді. Іс-шараны ұйымдастырушылар п.ғ.к. Кассен Г.А., 2 курс магистранттары Ахметова Н., Магазова М., Серикова К. Тәрбиелік іс-шарасы «100 кітап» жобасының аясында өткізілді. Кітап алмасуына 80 адам қатысты, 397 кітап алмасу үшін әкелінді. Кітаптар әр түрлі жанрда және үш тілде болды. Іс-шараға қатысушылардың әрқайсысы өздерінің көңілінен шығатын кітаптарды алды. Бұл іс-шара өте қызықты өтті және қатысушыларға жағымды эмоциялар сыйлады.
Басылым күні : 30.11.2018