«ТӨЛЕГЕН ТӘЖІБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМ» атты РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ өтті

2015 жылдың 24 ақпанында жыл сайынғы Тәжібаев оқулары аясында

жалпы және этникалық педагогика кафедрасы ұйымдастыруымен

Т.Т. Тәжібаевтың 105 жылдығы және жалпы және этникалық педагогика кафедрасының 75 жылдығына арналған

«ТӨЛЕГЕН ТӘЖІБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМ» атты РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ өтті

Қазақ зиялылар қауымының көрнекті әрі дарынды өкілдерінің бірі Т. Тәжібаевтың туғанына 105 жыл толуына орай конференция идеясы 40 жыл бойы өз халқының қоғамдық өміріне белсенді түрде араласқан, халықтық білім беру органдарының жауапты лауазымдарында, Қазақ КСР мемлекеттік аппаратында, ҚазКСР сыртқы істер министрлігінде, Индиядағы КСРО елшісінің кеңесшісі қызметтерін атқарған Тұлғаның рөлі мен орны жаңаша түсіндірілді.

Конференция қатысушылары Т.Т. Тәжібаевтың барлық ғылыми іс-әрекеті педагогика ғылымының маңызды мәселелерін – тәрбие, білім беру және өскелең ұрпақты оқытуды шешумен толықтай байланыстылығын ерекшелеп өтті. Қазіргі педагогикалық ғылым өзекті мәселелерді оның мазмұны мен технологияларында қалай талдауды талап етсе, Білім беру, Тәрбие, Дамыту секілді жаһандық категорияларының мәнінде де солай қайта ойлауды талап етеді.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға кафедрасы – жалпы және этникалық педагогика кафедрасының 75 жылдығы мерейтойы күндері педагогикалық әлеумет қазіргі педагогикалық ғылымның өзекті мәселелерін шешу жолдарын Т.Тәжібаев идеялары мәнмәтінінде талқылай отырып көрсетті.

Конференция шеңберінде жалпы және этникалық педагогика кафедрасының профессоры Ж.Түркпенұлының «Академик Т.Тәжібаев» кітаптар тұсаукесері сәтті өтті.

Толық мәжілісте университеттің белді ғалымдары мен профессорлары, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі академиясының, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы, т.б өкілдері қатысты.

Конференцияның секциялық мәжілістерінде шетел қатысушыларының мақалалары баяндалды: филология ғылымдары кандидаты, доцент, жарнама және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі А.В. Прохоров (Г.Р. Державин атындағы Тамбов мемлекеттік университеті, Россия, Тамбов); п.ғ.к., доцент, педагогика және инновациялық технологиялар кафедрасының меңгерушісі О.В. Зосименко (Сумской областной институт последипломного педагогического образования, г. Сумы, Украина); педагогика кафедрасының доценті Н.Г. Осьмук, п.ғ.к., ағылшын тілі практикасы кафедрасының доценті С.Н. Коваленко, филос.ғ.к., практикалық психология кафедрасының доценті Е.Н. Пасько (Сумской государственный педагогический университет имени А.С. Макаренко, г. Сумы, Украина) және басқалар.

Басылым күні :  25.03.2015