«ЖОО пәндерді оқытудың инновациялық әдістері» Воркшоп

Жас ғалымдар мектебі жалпы және этникалық педагогика кафедрасымен бірге 2015 жылдың 17 наурызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің 106 аудиториясында 13.00-14.30 уақытта «ЖОО пәндерді оқытудың инновациялық әдістері» Воркшоп (магистранттар, студенттер, оқытушыларға арналған) өткізді.

Тыңдаушылар құрастырмалардың ерекшеліктерімен және оны құраушы инновациялық әдістермен тереңірек танысты. Мысал ретінде ЖОО сабақты инновациялық режимде өткізудің видеоматериалдары көрсетілді.

Аудиторияда келесідей инновациялық әдістер белсенді түрде көрнекі ұсынылды: воршоп, ойды сөзбен, интегратор, инструментатор, вебинар, вертушка, шеңбер, ноу-хоу технологиялар және т.б.

Сонымен бірге оқытудың инновациялық әдістері ашылып жазылған қазіргі әдебиеттермен таныстырылды.

Ұйымдастырушылыр: А.Қ. Мыңбаева, З.Б. Мадалиева, Ш.Т. Таубаева, З.М. Садвакасова.

Басылым күні :  25.03.2015