«Бір тал кессең, он тал ек»

Университеттің «Green campus»атты жобасы аясында

1 наурызда Философия және саясаттану факультетінің «Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану »   мамандығының 1 курс магистранттарына «Бір тал кессең, он тал ек»   деген тақырыпта ашық сабақ өтті. Аталмыш тақырыпта іс – шараға магистранттар белсене қатысты. Іс – шара барысында экологиялық дағдарысқа ұшыраған көптеген жерлер мен аймақтардың жағдайлары бейнежазба түрінде көрсетіліп, магистранттар топқа бөлініп, экологиялық апатты зоналардың жағдайларын жақсартуға арналған жобалар жасады. Өз жобаларын постер және түрлі моделдер үлгісінде ұсынып, өз пікірлерімен бөлісті. Іс – шара соңында магистранттар бүгінгі іс – шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, кері рефлекция ретінде өз бағаларымен ойларын және ізгі тілектерін айтып өтті. Сонымен қатар іс – шара кезінде «Амазонка жаңбыры», «Ағаштарда сөйлейді» т.б. психологиялық жаттығулар жасалынып, магистранттар өте қызықты етіп орындап шықты.

 

Өткізілетін орны: Философия және саясаттану факультеті, 120 аудитория
Уақыты: 11.00-12.00
Қатысушылар: «Əлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1 курс магистранттары
Ұйымдастырушы: Педагогика ғылымдарының доценті Мукашева А.Б.

Жауапты: «Əлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1 курс магистранты Рахматулла Ж.С.

Басылым күні :  11.03.2018