«Жаңартылған білім мазмұны – тың бастамалардың қайнар көзі»

Университеттің «100 кітап» жобасы аясында

3 наурызда Философия және саясаттану факультетінің «Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану»   мамандығының 1 курс магистранттарына «Жаңартылған білім мазмұны – тың бастамалардың қайнар көзі»   деген тақырыпта ашық сабақ өтті. Отырыс барысында магистранттар тақырыпты қызу талқылап, әр-түрлі тренингтік жаттығуларға белсенді қатысты. Аталмыш іс- шара аясында магистранттар жаңартылған білім мазмұнының негізгі мәселелері мен пайдалы жақтарын талқылап, өз ойларымен бөлісті. Іс – шара барысында қызықты «бейнежазбалар» ұсынылып, магистранттар өз ойларымен бөлісті, тіпті қазіргі білімнің даму қарқыны туралы өз идеяларында ұсынды. Іс – шара қызықты болды.

 

Өткізілетін орны: ФМО 338 аудитория
Уақыты: 10.00-11.00
Қатысушылар: «Əлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1 курс магистранттары
Ұйымдастырушы: Педагогика ғылымдарының доценті Мукашева А.Б.

Жауапты: «Əлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1 курс магистранты Рахматулла Ж.С.

Басылым күні :  11.03.2018