Университеттің «Greencampus»   атты жобасы аясында

2 наурызда Философия және саясаттану факультетінің «Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану»   мамандығының 1 курс магистранттарына «Мәуелі ағаш майысқақ» деген тақырыпта ашық сабақ өтті. Аталмыш іс – шараға магистранттар белсенді қатысты. Іс – шара барысында қоршаған ораның экологиялық дағдарыстары мен орманды алқаптардың қазіргі кездегі өсім үдерістері туралы кеңінен әрі тереңінен талқыланылды. Әрбір студент өзінің ой – пікірімен бөлісіп, тіпті жаңа идеяларды ұсынды. Тәрбиелік іс – шараның соңында магистранттар өздерінің жүрек жарды тілектерін айтып, кемелді ұрпақтың әлеуетін дамытатын үзгі бастамаларды баса айтып өтті. Іс – шара өте қызықты өтті.

 

Өткізілетін орны:Философия және саясаттану факультеті, 120 аудитория
Уақыты: 13.00-14.00
Қатысушылар: «Əлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1 курс магистранттары
Ұйымдастырушы: Педагогика ғылымдарының доценті Мукашева А.Б.

Жауапты: «Əлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1 курс магистранты Жирен Б.Ж.

Басылым күні :  11.03.2018