«Инновацияға негізделген инфрақұрылымдар»

Университеттің «Айналаңды нұрландыр»   атты жобасы аясында

27 ақпанда Философия және саясаттану факультетінің «Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану»   мамандығының 1 курс магистранттарына «Инновацияға негізделген инфрақұрылымдар» деген тақырыпта ашық сабақ өтті. Аталмыш іс – шара магистранттардың қабілеті мен танымдық деңгейін мотивтендіруге арналған. Магистранттар іс - шараға белсенді қатысып, өздерінің қарым - қабілеттері   мен білімдерін жоғарғы деңгейде   көрсете білді. Іс – шара барысында белгіленген әрбір тапсырмаларға тыңғылықты әрі ұтымды жауап беріп, тақырыпқа байланысты өз ойларында дәлелдей білді. Іс - шара «Айналаңды нұрландыр жобасының » аясында болғандықтан, бәсекеге қабілетті, нәтижелі мақсатқа негізделген, танымдық жаңа   мазмұндағы интербелсенді әдістер мен психологиялық жаттығуларды өте көп қолданылды. Іс – шараның жабылу салтанатында магистранттарға «Жүректен - жүрекке» - деп   аталатын психологиялық жаттығуы жүргізіліп, әрбір магистрант іс - шарадан алған әсерлері мен бөлісе отырып, бір - біріне өзек жарды , ізгі тілектерін білдірді.

Өткізілетін орны:№9 жатақхана ФФиП
Уақыты: 13.00-14.00
Қатысушылар: «Əлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1 курс магистранттары
Ұйымдастырушы: Педагогика ғылымдарының доценті Мукашева А.Б.

Жауапты: «Əлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1 курс магистранты Жирен Б.Ж.

Басылым күні :  11.03.2018