«Рухани жаңғыру – психологиялық денсаулықтың кепілі»

Университеттің «Культ здорового тела»   атты жобасы аясында

28 ақпан Философия және саясаттану факультетінің «Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану »   мамандығының 1 курс магистранттарына «Рухани жаңғыру – психологиялық денсаулықтың кепілі» деген тақырыпта ашық сабақ өтті. Отырыс барысында магистранттар рухани жаңғырудың өзекті мәселелерін талқылып, тың, жаңа иделарымен бөлісті. Аталмыш іс- шара аясында қызықты рухани өсімге бағытталған психологиялық тренингтік – жаттығуларға белсенді қатысып, кері рефлекция ретінде өздерінің сабақтан кейінгі әсерлерімен бөлісті. Ашық іс – шара барысында магистранттар салиқалы ойлары мен жылы лебіз тілектерін бірі – біріне білдірді.

Өткізілетін орны: Философия және саясаттану факультеті, 120 аудитория
Уақыты: 10.00-11.00
Қатысушылар: «Əлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1 курс магистранттары
Ұйымдастырушы: Педагогика ғылымдарының доценті Мукашева А.Б.

Жауапты: «Əлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1 курс магистранты Жирен Б.Ж.

Басылым күні :  11.03.2018