«Бақытсыз Жамал»

30.11.2017ж. “100 кітап” жобасы аясында Міржақып Дулатовтың Бақытсыз Жамал» шығармасы бойынша тәрбиелік іс-шара өткізілді.

Іс-шара М. Дулатовтың өмірбаяны мен шығармаларынан басталды. Тәрбие сағатында «Бақытсыз Жамал» романы қызу талқыланды. Сонымен қатар студенттер Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романынан қазақ ауылының тұрмысы жайында және қоғамдағы жағдайлар туралы баяндады.

Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» шығармасына арналған шара жан-жақты талқылау, пікір алмасу, ой бөлісу барысында мақсатына жетті.

Бүгінгі өткізілген тәрбиелік іс-шара өз мәресіне жетіп, соңында бүгінгі тәрбие сағатын ұйымдастырушылар, естелік суретке түсті.

Ұйымдастырушылар:

Куратор эдвайзер Қ.Б. Жұмабекова

Әлеуметтік педагогика және өзін- өзі тану

мамандығының 4-курс студенттері

Басылым күні :  09.12.2017