«Құтты білік - қазақтың төл мұрасы»

Қараша айының 15 жұлдызында Философия және Саясаттану факультеті, Педогогика және Білім беру менеджменті кафедрасының Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының II- топ, 4- курс студенттері және Эдвайзерлік жетекшісі Жұмабекова Қырмызы Бақытқалиқызымен «100-кітап» жобасы аясында есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында ойып тұрып орын алған Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны аясында, студенттер арасында «Құтты білік - қазақтың төл мұрасы» атты тәрбиелік іс-шара өткізілді.

Бұл тәрбиелік іс-шараның барысы Жүсіп Баласағұнның өмірі және шығармашылығы бейнеленген презентациялық жұмыспен басталды. Презентациялық жұмыспен танысқан соң студенттер «Құтты білік» дастанның желісі бойынша пікір алмасты. Тәрбиелік іс-шара аясында бірнеше викториналық сұрақтар қойылды. Сонымен қатар студенттер Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанынан үзінді оқыды.

Бүгінгі өткізілген тәрбиелік іс-шара өз мәресіне жетіп, соңында бүгінгі тәрбие сағатын ұйымдастырушылар өз сөздерімен қортындылап, естелік суретке түсті.

Ұйымдастырушылар:

Куратор эдвайзер Қ.Б. Жұмабекова

Әлеуметтік педагогика және өзін- өзі тану

мамандығының 4-курс студенттері

Басылым күні :  30.11.2017