24.11.2017 жылы сағат 12.00-де Философия және саясаттану факультетінің акт залында «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында және «1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне» орай «Әлеуметтік педогогика және өзін өзі тану» мамандығының 1-курс, 2-топ студенттері мен куратор-эдвайзер Ертарғынқызы Д. Ұйымдастыруымен «Ел тірегі - Елбасы» атты мерекелік іс-шара өтті. Елбасымыздың үш тұғырлы тіл саясатын басшылыққа алып, іс-шара үш тілде жүргізілді. Студенттер өз өнерлерін ортаға салып, күй тартылып, мың бұралған бишілеріміз би билеп, көрермендер арасында Елбасы өмірі мен еңбек жолына қатысты сұрақтар қойылды. Көрерменде белсенділік танытты.
Басылым күні : 30.11.2017