«ҚАРЕКЕТ ТҮБІ – БЕРЕКЕТ»

2017 жылдың 17 қарашасында 17-студенттер үйінде сағат 17:00-де «Айтуға оңай...», «Қарекет» бағдарламасының тележүргізушісі Бейсен Құранбекпен кездесу өтті. Кешке студенттер, магистранттар, оқытушылар қатысты. Осы уақытқа дейін «Түп тамырға оралу», «Қалай жақсы маман иесі атануға болады?» сынды жастарға тренингтер өткізіп жүрген жүргізуші бұл жолы да студенттермен кездесу барысында бүгінгі қоғамдағы өзекті тақырыптарды сөз етіп, жастарды қызықтырған сауалдарға жауап берді. Екі сағатқа жуық созылған бұл кездесуден студенттер рухани нәр алып қайтты.

Журналист студенттік шағы, өмірлік тәжірибесі, іскерлік қарым-қатынасы турасында тәжірибесімен бөлісті. Тележурналист болғысы келетін студенттерге топтың алдында еркін сөйлеу, өз ойын ашық жеткізуге арналған жаттығулар да көрсетті. Кеш соңында «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасының доценті Қасымова Роза Садыққызына сөз берілді.

Басылым күні :  30.11.2017