«Көшбасшы ханымдар»
2017 жылдың 22-ші қарашасы күні «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында педагогика және білім беру менеджменті кафедрасында «Көшбасшы ханымдар» тақырыбында «Педагогика және психология» мамандығының» 2 курс магистранттары тәрбие сағатын ұйымдастырды. Бұл іс-шараға «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі таңу» мамандығының 1 курс магистранттары қатысты. Магистранттар Беркімбаева Шамшия Көпбайқызы туралы, Бирганым Айтимова, Чинара Бугимбаева, Сәуле Айтбаева және Куралай Нуркадилова секілді еліміздегі көшбасшы ханымдар туралы түрлі мәліметтермен танысты, олардын өмір жолдарымен және де осындай атаққа қандай қиын жолмен жеткендері туралы мәліметтерімен де таныса отырды. Сонымен қатар бейне-роліктер арқылы «көшбасшы ханымдар туралы» түрлі мәлімет алып, магистранттар ойлармен бөлісіп отырды.
«Сіз және сіздің атыңыз» жаттығу және де магистранттардың көшбасшылық қабілеттерін анықтауға арналған тестте жүргізілді.
Ұйымдастырушылар: п.ғ.к., профессор м.а. Қасен Г.А.
Болаткызы Т., Тукаева А., Каныбек Ж. Атем М., Шалхар С.