«Этикет: игі әдет ережесі»

2017 жылдың 8-ші қарашада сағат 15:оо-де философия және саясаттану факультетінің педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы 116-ші аудиторияда (ФМО) «100 кітап» жобасының аясында «Этикет: игі әдет ережесі» атты тәрбиелік іс-шара өткізді.

Іс-шараның мақсаты: қарым-қатынас құру және іс-қимыл этикетінің негізгі шарттарымен танысу, мәдени іс-әрекет дағдыларын меңгеру.

Форма: брейн-ринг

Іс-шара барысында келесі тақырыптар қарастырылды:

- Алғашқы әсер: амандасу, танысу, қоштасу әдебі;

- Әріптестер мен серіктестермен қарым-қатынас этикеті;

- Іскерлік қатынастағы сөйлесу этикеті;

- Қонақ күту әдебі.

Ұйымдастырушылар: пед.ғ.к., доцент Садвакасова З.М., «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» (УРФУ) мамандығының 2-курс магистранты Нұрғалиева Ә.Е..

Қатысушылар: «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2 курс студенттері.

Басылым күні :  11.11.2017