«Суицидке жол жоқ!»

09.11.2017 жылы Философия және саясаттану факультеті, Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 2 курс студенттері және Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының аға оқытушысы Жұмабекова Қырмызы Бақытқалиқызының ның ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Суицидке жол жоқ!» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында қазіргі таңдағы белең алып отырған суицид мәселесіне кеңінен талқылау жасалынып, студенттер өздерінің шығармашылықтарымен, сондай-ақ, дайындап келген ақпараттарымен, өз тәжірибелерімен де бөлісті. Жан-жақты қамтылған мәліметтерді қорытындылай келе, соңында естелікке суретке түсті.

Басылым күні :  11.11.2017