" Кітапты оқы, жəне оны сыйла"
27 қыркүйек 2017 жылы "100 кітап" жобасы аясында п.ғ.к профессор м.а Қасен Г.А жəне "Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану" мамандығының 3-курс студенттері " Кітапты оқы, жəне оны сыйла" атты іс шара ұйымдастырды. Іс-шара Философия және саясаттану факультетінің фойесінде өтті.
Қазіргі уакытта жасөспірімдер арасындағы негізгі мəселе - кітап оқуға қызықпаушылық. Осы себепті, қойылған сұрақтардың дұрыс жауабы ретінде студенттерге 20-дан аса кітаптар сыйлыққа берілді.
Факультеттін әр түрлі мамандықтағы студенттерде ат салысты. Сонымен қатар студенттер өз ойларын ортаға салып, бəрімен бөлісті. Кітаптар əдемі қаптағыштармен безендірілгендіктен іс-шараға көп адам қызығушылық білдірді. Факультет студенттері арасынан дарындылыры көзге түсті. Мысалы, қатысушылардың бірі өзі шығарған өлеңін оқып берді.